Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 334 қаулысы (2007.28.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыз № 334 қаулысы

(2007.28.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

"Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 7-жолдағы 3-баған "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялық жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесiнде:

"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

"19. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары";

"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"8. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары";

2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1311 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции