«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 ж. 16 шілдедегі № 83 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 732 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 ж. 16 шілдедегі № 83 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 732 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамызда № 294 бұйрығымен күші жойылды
Бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасындағы Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 16 шілдедегі № 83 Бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Нотариустардың бланкілері
63. Нотариустың жеке бланкілері болады.
64. Көлік құралдарын пайдалану және иелену құқығына сенімхат бланкілері (бұдан әрі - бланк) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін және бекітетін қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
65. Бланкілер дайындауға тапсырыстарды орналастыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
66. Нөмірленген, бауланған және тиісті аумақтық әділет органының мөрімен бекітілген арнайы жүргізілген журналда қол қойылғаннан кейін ғана бланкілерді беру жүргізіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа