Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекіткен 16 «Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі» және 19 «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп берудіі жасауы және есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 ж. 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық
комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекіткен
16 «Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі» және 19 «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп берудіі жасауы және есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 ж. 5 мамырдағы № 182 бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Бухгалтерлік есептің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының күші бар заңдарына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекіткен 16 "Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі" бухгалтерлік есеп стандартына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2, 6-тармақтарда "мемлекеттік емес ерікті" деген сөздерді "жинақтаушы" деген сөзімен ауыстырылсын;
2) 4-тармақта "жыл сайынғы табыс түрінде немесе бір жолғы төленетін сома түрінде" деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекіткен 19 "Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі" бухгалтерлік есеп стандартына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 19 БЕС атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі";
2) 1-тармақта "мемлекеттік емес ерікті" деген сөздері "жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы стандарт салымшылардың жарналары және инвестициялық қызметтен түскен табыс есебінен жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөніндегі шарттарды қарастырады және мемлекеттік жүйе шеңберіндегі әлеуметтік қамсыздандыру шарттарын қарастырмайды".
4) 3-тармақта "жыл сайынғы табыс түрінде немесе бір жолғы төленетін сома түрінде" деген сөздер алып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа