Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 19 наурыздағы № 278 қаулысы (ҚР Үкіметінің 11.08.99 ж. № 1143; 14.12.99 ж. № 1917; 10.07.00 ж. № 1039; 10.12.02 ж. № 1300 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің
экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 19 наурыздағы № 278 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.08.99 ж. № 1143; 14.12.99 ж. № 1917; 10.07.00 ж. №
1039; 10.12.02 ж. № 1300 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты мәселелері бойынша экспорттық бақылау жүйесін және ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1-4. ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен 1-4 тармақтары күшін жойды

5. Құпия.

6. Арнайы мүлікті экспорттау мен импорттауды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасына әртүрлі қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді өндіру мен олардың жаңа түрлерін сатып алуға инвестициялар тарту үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сенімді шетелдік әріптестерін іздестіру жөнінде шаралар қабылдасын.

7. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 7-тармақтың күші жойылды

8. ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен 8-тармақтың күшін жойылды

9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1771 қаулысына:

атауындағы және 2-тармақтағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер "Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1039 қаулысымен 2-тармақша алынып тасталды

10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен ереженің күшін жойылды

ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен қосымшаның күшін жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

19 наурыздағы

№ 278 қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қару-жарақтың

әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты

жөніндегі үкіметтік комиссияның

Құрылымы

     Балғымбаев Нұрлан       - Қазақстан Республикасының
     Өтепұлы                   Премьер-Министрі, төраға
     Тілеубердин Алтай       - Қазақстан Республикасының
     Абылайұлы                 Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы,
                               төрағаның орынбасары
     Елубаев Бауыржан        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Ысқақұлы                  қауіпсіздік комитеті төрағасының
                               орынбасары (келісім бойынша)
     Алтынбаев Мұхтар        - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
     Қапашұлы                  министрі
     Тоқаев Қасымжомарт      - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Кемелұлы                  істер министрі
     Кәкімжанов Зейнолла     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
     Халидоллаұлы              кіріс министрі
     Әблязов Мұхтар          - Қазақстан Республикасының Энергетика,
     Қабылұлы                  индустрия және сауда министрі

Укажите название закладки

Создать новую папку