Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына толықтыру енгізу туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 366-I Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасына толықтыру енгізу туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 366-I
Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

6-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

"3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.".

2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев

 

Укажите название закладки

Создать новую папку