Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1999 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына,
24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына
ресми түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі 1999 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким және Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов және В.Д.Шопин қатысқан, өтінім субъектісінің өкілдері - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.Н.Веснин мен А.М.Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкілдері - Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Н.А.Коржованың, Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Б.А.Мұхамеджановтың қатысуымен өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы өтінімін қарады.
Баяндамашылар - Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев пен Ж.Д.Бұсырмановтың хабарламаларын, осы өтінім бойынша конституциялық өндіріске қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сондай-ақ, сарапшылар - заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, Мемлекет және құқық институтының директоры Ғ.С.Сапарғалиевтың және заң ғылымдарының докторы, "Әділет" Жоғары құқық мектебінің профессоры С.А.Димитрованың қорытындыларымен таныса келіп, Конституциялық Кеңес мынаны анықтады:
1999 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы өтінімі келіп түсті.
Демо – версия документа