Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 6 қаңтардағы № 8 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 6 қаңтардағы № 8 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулыға 1-қосымшада:

шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына:

сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-иран комиссиясына, сондай-ақ сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай коммуникациялар министрі Серік Мінуәрұлы Бүркітбаев енгізілсін;

Еркін Жәкенұлы Қалиев аталған құрамнан шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
















Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку