Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1599 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1599 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің  2007 жылғы 14 қыркүйектегі  № 806   қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 32, 299-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

Аталған қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Мемлекеттік сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi";

Аталған қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжілісiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды".

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi































Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку