Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 11 қараша № 1154 (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 11 қараша № 1154
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында:
шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің тең төрағалары құрамына:
сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех комиссиясына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Документ утратил силу