Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 14 қазан № 1036 (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N
231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 14 қазан № 1036
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында:
шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың Қазақстан бөлігінің тең төрағаларының құрамына:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры Ә.Ғ.Сәйденов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-малайзия комиссиясына енгізілсін;
С.М.Қанапиянов аталған құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Документ утратил силу