Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Халықаралық Еңбек Бюросының Кеңесінін Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы № 29 Конвенция (Женева, 1930 жылғы 28 маусым)

Халықаралық Еңбек Бюросының Кеңесiнін Мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбек
туралы № 29 Конвенция (Женева, 1930 жылғы 28 маусым)

Күшiне енгiзiлген күнi: 1932 жылдың 1 мамыры

ҚР 14.12.00 ж. № 120-II Заңымен бекітілді

Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1930 жылдың 10 маусымында өзiнiң он төртiншi сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы

сессияның күн тәртібінiң бiрiншi тармағының бiр бөлiгi болып табылатын

мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбек туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып,

бұл ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын беруге ұйғара отырып,

осы бiр мың тоғыз жүз отызыншы жылғы маусым айының жиырма сегiзiншi күнi мәжбүрлi еңбек туралы 1930 жылғы Конвенция деп аталуы мүмкiн және Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес Халықаралық Еңбек Ұйымының мүшелерi бекітуге жататын төмендегi Конвенцияны қабылдайды:

1-бап

1. Осы Конвенцияны бекiтетiн Халықаралық Еңбек Ұйымының әрбiр мүшесi мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбектi қолдануды оның барлық нысандарында мүмкiндiгiнше ең қысқа мерзiмде жоюға мiндеттенедi.

2. Осылайша толық жойылуына қарай мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбек өтпелi кезеңде жалғыз-ақ қоғамдық мақсаттар үшiн және төмендегi баптарда белгiленген жағдайлар мен кепiлдiктерде айрықшалық ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

3. Осы Конвенция күшiне енгiзiлген күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн және төмендегi 31-бапта көзделген баяндамаға байланысты Халықаралық Еңбек Ұйымының Әкiмшiлiк Кеңесi мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбектi оның барлық нысанында жаңадан кейiнге қалдырусыз жоюдың мүмкiндiгi туралы мәселенi қарап, бұл мәселенi Конференцияның күн тәртібіне енгізудi шешедi.

2-бап

1. Осы Конвенцияның мақсаты үшiн "мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбек" терминi өз қызметiн ерiктi түрде ұсынбаған кез келген адамнан қандай да бiр жазалау қатерiн төндiру арқылы түрлiше жұмыс немесе қызмет-талап етудi бiлдiредi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку