Бухгалтерлік есепке алудың 18 стандарты. Инвестициялық қорлардың есебі (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрлігінің 21.12.02 ж. № 568 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөніндегі
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 15 қарашадағы
№ 5 қаулысымен бекітілдi
Бухгалтерлiк есепке алудың 18 стандарты
Инвестициялық қорлардың есебi
(ҚР Қаржы министрлігінің 21.12.02 ж. № 568 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрлігінің 21.12.02 ж. № 568 бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша "ақша қорын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылды
Стандарттың мақсаты және әсер аумағы
1. Бұл стандарт инвестициялық қорлардың қызметi мен инвестициялық хабарларды ашу және есепке алудың ерекшелiктерiн айқындайды.
2. Инвестициялық қор - акционерлік қоғам түріндегі ашық типтi құқықтық тұлға, ол - өзiнiң акцияларын шығаруға және орналастыруға қаржы қорларын жұмылдыру мен және кейiнгi мақсаты мен инвестиция жасау.
ҚР Қаржы министрлігінің 21.12.02 ж. № 568 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді
3. Өзара қоры - бұл сатып алынатын өзiнiң акцияларын шығаратын қор болып табылады.
4. Инвестициялық қызмет - бұл табыс табу мақсатында бағалы қағаздарды инвестициялау, тарату және сатып алу болып табылады.
5. Инвестициялық бағалы қағаздар - қордың өздерi шығаратын бағалы қағаздардан басқа; инвестицияланған қаржыларды инвестициялық қорларға тартатын бағалы қағаздар болып табылады.
6. Бағалы қағаздар қазынасы - бұл инвестицияланған бағалы қағаздардың қор иелiк ететiн жиынтығы.
7. Бағалы қағаздардың қазынасын басқару - сатып алынған, сатылатын бағалы қағаздармен басқа да инвестициялық келісімдер жүргiзуде соңғы шешiмдi қабылдайтын басқарушының қызметi.
8. Инвестициялық қордың басқарушысы - бағалы қағаздар қазынасының қорымен кәсiби қызмет жүргiзетiн құқықтық тұлға.
Документ утратил силу
Демо – версия документа