Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер) төрағалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 114 (күші жойылды)

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялардың
(комитеттер, кеңестер) төрағалары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 114

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Үкiметаралық комиссиялардың (кеңестердiң) Қазақстан жағының:

Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген Г.Г.Штойкты босата отырып, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман кеңесiнiң;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 303 қаулысымен бекітілген Г.Г.Штойкты босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз жұмыс тобының;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 8 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген Г.Г.Штойкты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының;

Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген П.И.Крепакты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-монғол комиссиясының;

Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитеттiң төрағасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-румын комиссиясының;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980 қаулысымен бекітілген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-болгар комиссиясының;

Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Е.Ә.Өтембаевты босата отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-оңтүстiк корея комиссиясының төрағалары болып бекітілсiн.

2. Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан бөлiгi құрылсын және:

Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-швейцар бiрлескен комитетiнiң;

Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитеттiң төрағасы - сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-словак аралас комиссиясының төрағалары болып бекітілсiн.

3. "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 14 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку