Отын-энергетика секторын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 29 қаңтардағы № 22 өкімі (ҚР Үкіметінің 11.09.00 ж. № 1686 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Отын-энергетика секторын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия
құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
1998 жылғы 29 қаңтардағы № 22 өкімі
(ҚР Үкіметінің 11.09.00 ж. № 1686 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1180 қаулысымен күші жойылды
Үкiметтiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасына сәйкес және мұнайға, газға және оларды өңдеу өнiмдерiне деген iшкi сұранысты толық қамтамасыз ету, арналы мұнай және газ құбырларының еуразиялық жүйесiн құру, Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторында көмiрсутегi кенiштерiн барлау мен игеру жобасын дамыту, "Стратегия - 2030-ға" сәйкес отын-энергетика секторын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының Отын-энергетика секторын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрылсын:
Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi, комиссия
төрағасы
Есiмов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің бiрiншi орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң төрағасы
Павлов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттiгiнiң
төрағасы - Қазақстан Республикасының
министрi
Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрi
Мұхамеджанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрi
2. Аталған Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
отын-энергетика секторын дамыту стратегиясын әзiрлеу мен iске асыру;
жаңа жобалар бойынша бiрлескен жұмыстар жөніндегі консультанттар мен инвесторларды айқындау және iрiктеу;
көмiрсутегi шикiзатын барлау, игеру, өндiру мен iшкi және халықаралық рыноктарға тасымалдау жөніндегі мұнай жобаларының негiзгi параметрлерiн бекіту;
жобалардың ұйымдық құрылымын айқындау, мемлекеттік басқару органдарының және стратегиялық жоспарларды iске асыруға жауапты ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
келiссөз процестерiн үйлестiру.
3. Ведомствоаралық комиссияның дереу қарауын талап ететiн, бiрiншi кезектегi жобалар деп Каспий Трубақұбыры Консорциумы жобасы, басқа да көлiк жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығымен жасасқан мемлекетаралық келісімiнде, Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен Бас келісімде, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Амоко" корпорациясы арасындағы принциптер туралы келісімде көрсетiлген жобалар белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 11.09.00 ж. № 1686 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Ведомствоаралық комиссияны талдамалық жағынан қамтамасыз ету үшiн энергия ресурстарын барлаудың, игерудiң, өндiру мен өңдеудiң бас жобалары бойынша және iшкi және экспорттық мұнай-газ құбырлары жобалары бойынша 1 қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс топтары құрылсын.
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 29 қаңтардағы
№ 22 өкіміне 1-қосымша
Ведомствоаралық комиссияның энергия ресурстарын
барлаудың, игерудiң, өндiру мен өңдеудiң бас
жобалары жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі
агенттiгiнiң төрағасы -
Қазақстан Республикасының
министрi, топ жетекшiсi
Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрi
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрi
Қуандықов Б.М. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының президентi
Аймақов Б. - Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң директоры
Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер вице-министрi
Қарабалин Ө.С. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының вице-президентi
Хорунжий А.Г. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінiң Фискальды саясат
департаментiнiң салық
сараптамасы басқармасының бастығы
Тоқсанбаев Ғ. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлігінiң заңдар және
халықаралық құқық департаментi
директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 29 қаңтардағы
№ 22 өкіміне 2-қосымша
Ведомствоаралық комиссияның iшкi және экспорттық
мұнай-газ құбырлары жобалары жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі
агенттiгiнiң төрағасы -
Қазақстан Республикасының
министрi, топ жетекшiсi
Жабағин А.Ә. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрi
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрi
Қуандықов Б.М. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының президентi
Аймақов Б. - Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң директоры
Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер вице-министрi
Қаппаров Н.Ж. - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау
жөніндегі ұлттық компаниясының
президентi
Жұмин Қ.Р. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ
компаниясының жаңа жобалар
департаментiнiң директоры
Хорунжий А.Г. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінiң Фискальды саясат
департаментiнiң салық
сараптамасы басқармасының бастығы
Шаяхметов Б. - Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөніндегі
мемлекеттік комитетiнiң
бас менеджерi
Тоқсанбаев Ғ. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлігінiң Заңдар және
халықаралық құқық департаментi
директорының орынбасары
Документ утратил силу