Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Шағын кәсіпкерлік дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы (ҚР Президентінің 29.08.02 ж. № 936 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Шағын кәсiпкерлiк дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны
жандандыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 ж. 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы
(ҚР Президентінің 29.08.02 ж. № 936 Жарлығымен
енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды

 

Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, Қазақстан азаматтарының кәсiпкерлiк бастамаларын жүзеге асыру үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемiн:

1. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласы болып саналсын.

Жүзеге асырылатын шаралар, бiрiншi кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, оның әлеуметтiк проблемаларын шешу мен еңбек белсендiлiгiн дамытуға, тұтыну рыногын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң алуан түрлерiмен толықтыруға бағытталсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстармен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан экономикасының осынау маңызды секторын нығайту мен дамытуға iс жүзiнде жан-жақты практикалық көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

ҚР Президентінің 29.08.02 ж. № 936 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жанынан Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі агенттiк құрып, оның жұмысын ұйымдастырсын. Оның басты мiндеттерi шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестiру, оны ең алдымен материалдық өндiрiс саласында дамыту бағдарламасын талдап жасау мен жүзеге асыруға қатысу, шағын кәсiпкерлiкке қаржылық және техникалық көмек көрсету мәселелерiнде халықаралық қаржы институттарымен өзара iс-қимыл жасау, экономиканың осы секторына шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға жәрдем жасау болып табылады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку