Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 289 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына
өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11
наурыздағы № 289B қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

4-тармақтың екiншi абзацы:

"Қызмет көрсетушi банкiлерi мен түпкi заемшылар тарапынан көрсетiлген қаржылардың республика бюджетiне сөзсiз, толық қайтарылуын ескерiп" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтiн бойынша баяндалсын.

5-тармақ "екi апта мерзiм iшiнде" сөздерiнен кейiн "қызмет көрсетушi банкiлер немесе түпкi заемшылар тарапынан кепiлдi мiндеттеме берiлетiн тетiктi" анықтасын деген редакцияда баяндалсын.

7-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

"7. Займ қаржысын түпкi заемшылардың пайдалану процедурасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі анықтайтын лизинг негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн деп белгiленсiн".

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Укажите название закладки

Создать новую папку