Заң күші бар «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері бар» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 14 қараша № 2636
Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы
Күштерi бар" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы 1995 жылғы 14 қараша № 2636
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
I. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Кiрiспесіндегі "кәсiпорындардың, мекемелердiң", "қоғамдық бiрлестiктердiң" сөздерi алынып тасталсын;
2. 2-бапта:
үшiншi абзац "әскери-саяси" сөздерiнен кейiн "және әскери" сөздерiмен толықтырылсын;
жетiншi абзацтағы "және басқару жүйелерiн" сөздерi "ұйымдарын" сөзiмен алмастырылсын.
3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заң және өзге де нормативтiк актілеріне негiзделедi".
4. II-бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"II-бөлiм. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары".
5. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң құрамы мен мақсаты
Демо – версия документа