ЗАҢ КҮШI БАР «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 19 желтоқсан № 2691
ЗАҢ КҮШI БАР "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы 1995 жылғы 19 желтоқсан № 2691
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
I. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 5-баптағы "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, республика Министрлер Кабинетi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі" сөздерiмен алмастырылсын.
2. 7-баптағы "Министрлер Кабинетінің" сөздерi "Үкіметінiң" сөзiмен алмастырылсын.
3. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiктерi
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып:
1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;
2) республикалық маңызы бар облыстар мен қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
Демо – версия документа