Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстары бар және мемлекеттік резервте сақтаулы өнімді халық шаруашылығының мүддесі үшін пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 5 тамыздағы № 674 қаулысы (күші жойылды)

Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер,
олардың қосылыстары бар және мемлекеттік резервте сақтаулы өнiмдi халық
шаруашылығының мүддесi үшiн пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 5 тамыздағы № 674 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды


Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстары бар және мемлекеттік резервте сақтаулы өнiмдi халық шаруашылығының мүддесiне тиiмдi пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Мемлекеттік резервте сақтаулы өнiмнiң химиялық құрамы туралы мәлiметтерден қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес құпиялылық белгiсi алынсын.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi:

мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдарымен және кәсiпорындармен бiрлесiп шетел фирмалары мен тұтынушылардан сатып алуға тапсырыстар түсiп жатқан осы өнiмдi экспорттауға әзiрлiк жұмысын және оны еркiн айналымдағы валютаға экспортқа шығару iсiн қамтамасыз етсiн;

Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп аталған өнiмдi экспортқа әзiрлеуге және жөнелтуге байланысты шығындарды өтеу жолдары туралы ереженi талдап жасап, бекiтсiн.

2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен.

3. Аталған өнiмнiң экспортынан түсетiн валюта түсiмi Республикалық валюта қорына жiберiледi деп белгiленсiн.

4.

4 тармағының күшi жойылған - ҚРМК-нің 1994.11.02. № 1219 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1993 жылғы 5 тамыздағы

№ 674 қаулысына

Қосымша

Мемлекеттік резервте сақтаулы химиялық құрамы туралы

мәлiметтерден құпиялық белгiсi алынатын өнiмнiң

Тiзбесi

Церий қос тотығы

Торий қос тотығы

Самарий тотығы

Лантан тотығы

Европий тотығы

Празеодим тотығы

Ниобий бес тотығы

Неодим тотығы

Гадолиний тотығы

Скандий тотығы

Штабиктегi ниобий

Құйма ниобий

Аммоний қышқылды рений

Таллий

Индий

Теллур

Галлий (металл түрiнде) Тантал

Бериллий (металл түрiнде)

Вольфрам концентраты

Молибден концентраты

Цезий концентраты

Бериллий концентраты

Тантал концентраты


Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку