Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Республиканың ғылымын ұйымдастыруды жетілдіру мен ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1090 Жарлығы (1997.13.10. берілген өзгерістерімен)(күші жойылды)

Республиканың ғылымын ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғылыми-техникалық
әлеуетiн дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1090 Жарлығы

(1997.13.10. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік дербестiгiнiң қалыптасуына байланысты және республиканың ғылымын басымдықпен дамыту, ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайту, әрi Қазақстанның технологиялық серпiлiсiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

 ҚР Президентінің 11.03.1996 № 2895 жарлығымен  1 тармақ жаңа редакцияда

1. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлттық ғылыми орталықтар желiсiн құрып, оларды мемлекет тарапынан басымдықпен қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысы қабылдансын.

Ұлттық ғылыми орталықтар Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігіне - Ғылым академиясына қарасты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiктер болып табылады, деп белгiленсiн.

ҚР Президентінің 13.10.1997 № 3660 жарлығымен 2-тармақтың 2, 4, 5-абзацтары алынып тасталды

2. Республикадағы ғылыми-техникалық прогрестiң өзектi бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету үшiн мынадай Ұлттық орталықтар:

Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс жөніндегі ұлттық орталығы, "Саршаған" полигонының ғылыми-техникалық кешенiнiң, сондай-ақ бұрын одақтық бағыныста болып келген радиотехникалық бейiмдегi кәсiпорындардың, ұйымдар мен полигондардың негiзiнде;

Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы, биотехнологиялық бейiмдегi ғылыми мекемелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың негiзiнде;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку