Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақ-Пәкістан бірлескен комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 26 қараша 1992 ж. № 992 (күші жойылды)
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық
жөніндегі үкiметаралық Қазақ-Пәкістан бiрлескен комиссиясын
құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
қаулысы 26 қараша 1992 ж. № 992
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметі арасында үкiметаралық бiрлескен комиссия құру туралы хаттамаға сәйкес және Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру және өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөніндегі жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақ-пәкістан бiрлескен комиссияның қазақ бөлiгi мына құрамда бекітілсiн:
Құлыбаев А.А. - Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрi (комиссияның
теңтөрағасы)
комиссия мүшелерi:
Айманов Әдiлбек - Сыртбайланыс министрінің
Кенжалыұлы орынбасары
Әлпиев Төлеубек - Мәдениет министрінің
Нығметұлы орынбасары
Нұрымова Раушан - Сауда министрінің орынбасары
Есқазықызы
Тоқаев Қасымжомарт - Сыртқы iстер министрінің
Кемелұлы орынбасары
Мәренов Төлеген - Мемэкономком төрағасының
Алдықұлұлы орынбасары
Жаманбаев Ербол - "Әлем Банк-Қазақстан" Басқармасы
Қадырұлы төрағасының орынбасары
Әмiреева Клара - "Қазжеңiлөнеркәсiп" концернi
Боранбайқызы төрағасының орынбасары
Сұраншинова Гүлзада - Президент пен Министрлер Кабинетi
Битөлекқызы Аппараты Сыртқы байланыстар
бөлiмiнiң референтi
Хабибуллина Людмила - Сыртбайланысминi Сыртқы
Петровна экономикалық байланыстарды
үйлестiру және дамыту
басқармасының бас экономисi
(комиссия хатшысы)
Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлді - ҚРМК-нiң 1995.04.13. № 459
қаулысымен.
Құрамға өзгерiс енгiзiлді - ҚРМК-нiң 1996.01.25. № 94
қаулысымен.
2. Үкiметаралық комиссиясының қазақ бөлiгiне, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялар құру, олардың құрамын, функциялары мен жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау хұқы берiлсiн.
3. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi комиссияның жұмысына барынша көмек көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бiрiншi орынбасары
Документ утратил силу