«Сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнінде азаматтардың өтініштерін сайлау комиссияларында қарау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 9 шілдедегі № 13/206 Қаулысы (2014.09.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнінде азаматтардың өтініштерін сайлау комиссияларында қарау туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 9 шілдедегі № 13/206 Қаулысы
(2014.09.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/256 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2014.09.12. № 23-251 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 12-бабының 1) тармақшасына және 20-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау науқанын өткізу барысына сайлау комиссияларының және олардың лауазымды адамдарының азаматтардың сайлау құқықтарын бұзатын шешімі және іс әрекеті (немесе іс әрекетсіз) жоғарғы тұрған сайлау комиссияларында шағым жасалуы мүмкін.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2014.09.12. № 23-251 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әрбір сайлау учаскесінде дауыс беру күні азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдары болуға тиіс. Сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы өтініштер журналын тиісті қалалық, аудандық сайлау комиссиясына тексеруге береді. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы көпшіліктің танысуы үшін жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының телефондары мен мекенжайларының тізімдері ілінеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа