«Аксесс Индастриз, Инк» компаниясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 Қаулысы
«Аксесс Индастриз, Инк» компаниясының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 Қаулысы
«Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес заңдардың өзгеруінен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі «Аксесс Индастриз, Инк» компаниясының заңды құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2000.04.17. № 595 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Павлодар облысының әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен «Аксесс Индастриз, Инк» компаниясының құқықтық мұрагері «Богатырь Аксесс Көмір» компаниясына:
1) жерді тұрақты пайдалану құқығын құжаттық ресімдеуді «Аксесс Индастриз Инк.»компаниясының мүліктік кешені (құрылыстары, ғимараттары, үйлері) орналасқан және № 04/047-97 «Богатырь және Степной разрездерінің активтерін сатып алу-сату шартына» сәйкес оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жерлерге арналған және жер заңнамасымен;
2) жерді пайдаланғаны үшін «Степной» кеніші активтерінің үлесімен бірге «Богатырь» кенішінің активтері сатылған сәтте қолданылған жер салығының ставкалары бойынша жалға алу төлемдерін өндіріп алуды;
3) Павлодар облысы әкімінің 1995 жылғы 20 қарашадағы № 36 шешіміне сәйкес қолданылған ставка бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді өндіріп алуды қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2000.04.17. № 595 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі:
1) Қаржы министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «ЕЭС России» РАҚ-мен және «Аксесс Индастриз, Инк.»компаниясымен аумақтар (9 және 10 көмірлі алқаптар) бойынша даулы мәселелерді реттеу жөнінде шаралар қабылдасын;
2) үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында «Аксесс Индастриз, Инк.»компаниясымен Богатырь және Степной көмір разрездерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасасуды қамтамасыз етсін.
2. ҚР Үкіметінің 2000.04.17. № 595 қаулысымен алынып тасталды
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі