Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 маусымдағы № 871 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 4 қазандағы № 1302 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 маусымдағы № 871 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 4 қазандағы № 1302 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Жаппай жекешелендiрудi аяқтау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 маусымдағы № 871 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 255-құжат/ мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1-тармақта:

бiрiншi абзац мынадай редакцияда баяндалсын:

"Инвестициялық жекешелендiру қорлары қабылдау пункттерiнiң халықтан жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауды аяқтау күнi 1995 жылдың 30 қыркүйегi болып белгiленсiн";

мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы Халық банкінің жекешелендiру инвестициялық купондарының қабылдауының ақырғы күнi 1995 жылдың 30 қазаны болып белгiленсiн";

екiншi абзац үшiншi абзац болып саналсын;

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын;

инвестициялық жекешелендiру қорлары 1995 жылдың 30 қазанына дейiн инвестиция декларацияларын, сондай-ақ жекешелендiру инвестициялық купондары мен сатып алынған құнды қағаздар бойынша есептерiн берудi қамтамасыз етсiн;

мамандандырылған купон аукциондары аяқталған соң купон иелерiнiң мүдделерiн қорғауды көздейтiн инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн бекiтуге тапсырылсын.

екiншi абзац төртiншi абзац болып саналсын.

Мынадай мазмұндағы жаңа 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Халық банкi купондарды қабылдау және мамандандырылған купондық аукциондарды өткiзудiң аяқталуына байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн";

4-тармақ 5-тармақ болып саналсын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку