Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 шілдедегі № 636 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1997 жылғы 26 қыркүйек № 1287 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 шiлдедегi
№ 636 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1997 жылғы 26 қыркүйек № 1287 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

"Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларына лицензия беру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 шiлдедегi № 636 қаулысына P930636 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 31, 354-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн.

Комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Дуберман Ю.Е. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының орынбасары, комиссияның төрағасы;

Құттыбаева К.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Махмутова Н.Х. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның жауапты хатшысы.

4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 шiлдедегi № 636 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қазандағы № 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 42, 498-бап);

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 шiлдедегi № 636 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 желтоқсандағы № 1378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 46, 508-бап).

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку