Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесiн реформалау
жөніндегі кезектi шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы

Басқару тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру, мемлекеттік органдар жүйесiн реформалауды жалғастыру, республикалық бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 19-бабының 9)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

1. Мыналар құрылсын:

1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік орган ретiнде Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөніндегі агенттiгi;

2) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік орган ретiнде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттiгi;

3) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, оған тартылатын Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттiгiнiң функциялары, мүлiк пен iс басқару жөніндегі өкiлеттiктерi берiлсiн;

4) Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі, оған тартылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дiн iстерi жөніндегі кеңестiң функциялары, мүлiк пен iс басқару жөніндегі өкiлеттiктерi берiлсiн;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку