«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 Жарлығы
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымынжетiлдiру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 Жарлығы
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының жүйесiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтiру, оның құрылымын жетiлдiрiп, қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Мыналар таратылсын:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi;
2) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
3) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитет;
4) Қазақстан Республикасының білім министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитет;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Лизинг жөніндегі департамент;
6) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы.
2. Мыналар құрылсын:
1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, оған таратылып отырған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының және Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi берiлсiн;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi, оған таратылып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi берiлсiн;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық, оның қарауына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің есеп айырысу-кассалық орталықтары берiлсiн.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Кеден комитетi;
2) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы;
Демо – версия документа