Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 19 наурызындағы № 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1105 (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 19 наурызындағы
№ 231 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметі ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1105
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 231 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында:
шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстан бөлігіндегі тең төрағалары құрамына:
қазақстан-британ сауда өнеркәсіптік кеңесіне қазақстан-швейцар бірлескен комитетіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов енгізілсін;
Виктор Васильевич Соболев аталған құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Документ утратил силу