Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Үкіметаралық комиссияларды құру және олардың қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 17 шілде (күші жойылды) № 986

Үкiметаралық комиссияларды құру және олардың қызметi мәселелерi
жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 17 шiлде
№ 986

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Халықаралық келісімдер мен шарттарды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамытуды үйлестiру мақсаты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

I."Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 3, 38-бап) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-түрiк комиссиясына - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары А.С.Есiмов;

экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Индонезия комиссиясына - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң министрi Н.Ө.Балғынбаев".

2."Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Монғол үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қыркүйектегi № 932 қаулысымен құрылған Қазақстан-Монғол үкiметаралық бiрлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ж.С.Кәрiбжанов Қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы ретiнде енгiзiлсiн;

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты С.Д.Бейсенов аталған комиссияның құрамынан шығарылсын.

3. "Қазақстан-Израиль үкiметаралық бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы № 17 қаулысымен құрылған Қазақстан-Израиль үкiметаралық бiрлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi В.В. Храпунов (қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы ретiнде) енгiзiлсiн.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты С.Ж. Әбiшев аталған комиссияның құрамынан шығарылсын.

4. Комиссиялардың қызметi "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен реттеледi деп белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку