Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 953 Қаулысы (күші жойылды)

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 953 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 587 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Жалпы ережелер»;

6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) арнаулы мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдар үшін әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту үшін әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді ұсынады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу»;

10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку