«Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-82 бұйрығы
«Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-82 бұйрығы
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы «Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа