(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОНЦЕССИОНЕРДІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ҚАҒ...
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.03.11. № 467 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу
қағидасы
(2019.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2. Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Премьер-Министдің өкімімен құрылған ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.
Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа