«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 24 бұйрығы
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 24 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 «Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7 бабының 31 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
1) тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес иммундаудан кейінгі қолайсыз көрініс жағдайын тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінің нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру тағайындау туралы актісінің нысаны;
12-2) осы бұйрыққа 12-2-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы актісінің нысаны;
12-3) осы бұйрыққа 12-3-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінің нысаны;
12-4) осы бұйрыққа 12-4-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау туралы актісінің нысаны;
12-5) осы бұйрыққа 12-5-қосымшаға сәйкес өнімді (тауарды) сатып алу актісінің нысаны;
Демо – версия документа