(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҮГЕДЕКТІКТІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЕҢБЕК ЕТУ ҚАБІЛЕТІНЕН АЙЫР...
Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
3-қосымша
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2015.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) мүгедектікті растау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап мемлекеттік қызмет жүгінген күні көрсетіледі;
Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда - өтінішті тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні;
құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 45 минут;
көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 45 минут;
Редакция документа
Демо – версия документа