«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген) (2020.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 183 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен күші жойылды
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
(2020.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.05.07. № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) арнайы киім - жұмыскерді сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауға арналған арнайы әзірленген киім және жұмыс істеу үшін қажетті сипаттарды қамтамасыз етеді;
2) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі - объектілер) әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақ үйлер, жатақханалар, моншалар, хауыздар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер;
3) косметикалық қызметтер - коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы мекемелерде және спорттық-сауықтыру мекемелеріндегі көрсетілетін медициналық бақылауды қажет етпейтін косметикалық рәсімдер;
Документ утратил силу
Демо – версия документа