«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 53 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 53 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
бұйрықтың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) респонденттерді алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3), 46-4), 46-5) және 46-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жасауға қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
46-2) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын алғашқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;
Демо – версия документа