«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 175 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 175 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 Қаулысымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар Заңда көрсетілген мағыналарда пайдаланылады.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін сондай-ақ мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) келісімшарт - тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын немесе импортын көздейтін валюталық шарт;
2) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру акті - келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі мен мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі жасаған акт;
Документ утратил силу
Демо – версия документа