«Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 429-НҚ бұйрығы (күші жойылды)
«Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 429-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Порталда қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық есептілік, азаматтық бюджет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылады.
Ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа