Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Мәскеу, 2022 жылғы 31 наурызда)

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы

 ХАТТАМА

(Мәскеу, 2022 жылғы 31 наурызда)

 

ҚР 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 56-VIII Заңымен ратификацияланды

2024 жылғы 12 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 25-баптың 1-тармағының 5-тармақшасындағы «санитариялық, ветеринариялық-санитариялық» деген сөздер «санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 29-бапта:

1-тармақта:

4-тармақшадағы «, мәдени құндылықтарды» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 41-тармақшамен толықтырылсын:

«41) мәдени құндылықтарды қорғау;»;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Мүше мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тауарлармен өзара саудада шектеулер енгізген және олардың күшін жойған кезде Комиссияны және басқа да мүше мемлекеттерді Комиссия бекітетін тәртіппен жазбаша нысанда хабардар етеді.»;

3) VI бөлім мынадай мазмұндағы 29¹-баппен толықтырылсын:

«291-бап

Одақтың кедендік шекарасындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау)

1. Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын өзге де жерлерде адамдарға, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты осы Шартқа, Одақ құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бақылау (қадағалау) (кедендік, көліктік, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлері) жүзеге асырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку