(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕМТИХАНДАР ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ...
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру
қағидалары
(2020.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) емтихандар қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін (бұдан әрі - жүргізуші куәлігі) беру тәртібін белгілейді.
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.26.01. № 73 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.07.10. № 863 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы, «A1, B1, C1, D1, С1Е және D1E» кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
3. Ұлттық жүргізуші куәлігі он жыл мерзімге беріледі, ол өткеннен кейін жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тек қана бір ұлттық жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етіледі.
5. ҚР Ішкі істер министрінің 2016.12.04. № 383 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 459 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2-тарау. Емтихандар қабылдау
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.12.04. № 383 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2017.26.09. № 646 бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2019.07.10. № 863 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа