«Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар және «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу ...
«Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар және «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 263-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатпайды.»;
Демо – версия документа