(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.06.02 № 110 ҚАУЛЫСЫ
Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 110 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) мемлекеттің әскери қауіпсіздігі, әскери өнер, құрылыс саласындағы іргелі, кешенді әскери-теориялық және жедел-стратегиялық зерттеулер жүргізу, Қарулы Күштерді даярлау және қолдану;
2) әскери саладағы ғылыми-техникалық прогресті дамытуды талдау және қамтамасыз ету, әскери ғылымның рөлін күшейту, қару-жарақ пен техниканы құру және жетілдіру жобаларын әзірлеу, Қарулы Күштердегі ақпараттық технологияларды дамыту болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен 387000000 (үш жүз сексен жеті миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа