«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 690 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 690 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегi № 706 бұйрығымен күші жойылды
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде ақпаратты уақтылы тарату, жедел ақпаратты жинауды және өңдеуді жүйелендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
11-тарауды мынадай мазмұндағы «Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну» деген 3-параграфпен толықтырылсын:
«Параграф 3. Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну
94-1. Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну кезінде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;
жедел штаб - авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдарын үйлестіру үшін төтенше жағдайларды жою басшысының шешімімен құрылған басқару органы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа