Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001 Ж. 11 МАМЫРДАҒЫ № 605 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001
жылғы 11 мамырдағы № 605 Жарлығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік қызметтi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:

7-тармақта бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік органды құру кезеңiнде қызметтiк қажеттiлiк жағдайында бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, оған орналасуға конкурс өткізу туралы мiндеттi хабарландыру жариялау шартымен, адамдарды үш айдан аспайтын мерзiмге жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдардың саны мемлекеттік органның штат санының 20 процентiнен аспауға тиiс.";

16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік орган басшысының конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адамдарды бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, олардың мiндеттi арнайы тексеруден өткенi туралы нәтижелердi алған күнiне дейiн, жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдармен еңбек қатынастары осы Ереженiң 7-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтарына сәйкес реттеледi.";

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

"16-1. Басқа мемлекеттік органдардан iссапарға жiберiлген әскери немесе арнайы атағы бар адамдардың мемлекеттік әкiмшiлiк және саяси қызметке кiруi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку