Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 788 бұйрығы

«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 788 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Нотариаттық іс-әрекеттерді БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Өсиеттер, өсиеттердің телнұсқалары мен көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны тапсырған кезде беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің телнұсқасы олардың одан кейін мұрасын иеленетін мұрагерлеріне өсиет қалдырушының және қайтыс болған мұрагердің қайтыс болғаны туралы куәліктері немесе хабарламасы, сондай-ақ мұрагерлікті қабылдауға негіз болып табылатын құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқанда, тоқтата тұрғанда, кейінге қалдырғанда, бас тарту, тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады (бұдан әрі - қаулы).

Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:

1) қаулы шығарған күні;

2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі мен берілген күні;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку