«Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 95 бұйрығы (күші жойылды)
«Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 95 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ашық диалогтың интернет-порталы (бұдан әрі - Портал) - мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа