«Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 26 тамыздағы № 715 бұйрығы
«Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 26 тамыздағы № 715 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17328 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Осы бұйрықпен бекітілген Апелляциялық кеңес туралы ереженің:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа