«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 257 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 257 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 79 Қаулысымен 2024 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік нөмір алу үшін тараптардың бірі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды.
Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды оның бейрезидент қатысушысы бірінші болып бастаса және осындай орындау резидент экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына мүлікті беруге (ақшаның түсуіне) байланысты болса, онда осындай резидент мүлікті (ақшаны) өзінің иелігіне алғанға дейін есептік тіркеу үшін өтініш береді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа