«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 258 Қаулысы (2018.12.01. берілген өзгерістермен)
«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 258 Қаулысы
(2018.12.01. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамын оның жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі түрі кең бейіндегі және мамандандырылған ауруханалар қызметі болып айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 2018.12.01. № 7 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғам мүлкінің есебінен серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2018.12.01. № 7 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулының 1-3-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды аяқтағаннан кейін серіктестік осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі - серіктестіктер) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Серіктестіктер қызметінің негізгі түрі кең бейіндегі және мамандандырылған ауруханалар қызметі болып айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
Демо – версия документа