Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ М...

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 21 қаңтардағы

№ 993 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Осы редакция 2022 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен

техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы

ереже
(2020.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.

ҚР Президентінің 2020.24.03. № 292 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сарапшылық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады. Секциялардың құрамы 9 адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан тұруы тиіс. Секция құрамына ғалымдар мен сарапшыларды іріктеу сараланған тізім негізінде жүргізіледі.

Секция құрамына сайланатын ғалымдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку